«Отты жылдың – қаһарман жауынгері!» атты еске алу кеші өткізілді.

6 ақпан күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Қ.С. Майдановтың 70 жылдық мерейтойына орай «Отты жылдың – қаһарман жауынгері!» атты еске алу кеші өткізілді. Іс-шараның мақсаты: ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсеткен қаһарман тұлғаның өмір жолын, ел алдындағы еңбегін жас ұрпаққа насихаттау, отансүйгіштік рухты қалыптастыру.

Кеш барысында батырдың өмірбаяны, әскери қызмет жолы мен ерлігі туралы мазмұнды мәліметтер беріліп, естеліктер оқылды. Іс-шара барысында оқырмандарымызға деректі материалдар мен фотосуреттер таныстырылды. Патриоттық тақырыптағы өлеңдер оқылып, әндер шырқалды.

Шара соңында қатысушылар батыр рухына тағзым етіп, оның ерлігі – ел жадында мәңгі сақталатыны атап өтілді.