«Отбасым – бақыт мекенім» атты тәрбие сағаты өткізілді.
10 қыркүйек күні Шу қалалық №2 кітапханасының ұйымдастыруымен «Отбасым – бақыт мекенім» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Шараның негізгі мақсаты – бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру, ата-ана мен бала арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту, ата-анаға деген бала махаббаты мен құрметін арттыру, сондай-ақ отбасы құндылықтарын насихаттау.
Тәрбие сағатында отбасының адам өміріндегі маңызы, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және жанұядағы өзара сыйластық пен мейірімділіктің мәні туралы айтылды. Қатысушыларға отбасы – қоғамның негізгі тірегі екендігі түсіндірілді.



