“Отбасылық құндылық” ақпараттық тайм өтті.

12 мамыр күні Абай ауылдық кітапханасында Отбасы күніне орай “Отбасылық құндылық” ақпараттық тайм өтті. Мақсаты: Оқырмандарға отбасының қоғамдағы маңызын түсіндіру, ұлттық тәрбие мен адамгершілік құндылықтарды насихаттау, отбасы мүшелеріне деген сыйластық пен сүйіспеншілікті арттыру.

Ақпарат тайм барысында отбасы құндылықтары, ата-анаға құрмет, бала тәрбиесі, үлкенді сыйлау, ұлттық салт-дәстүрлер туралы мәліметтер айтылып, кітаптар мен нақыл сөздер таныстырылды. Қатысушылар отбасының берекесі мен бірлігінің маңызы жөнінде пікір алмасып, сұрақтарға жауап берді.