«Отбасы тәрбие негізі» атты дөңгелек үстел

15 мамыр күні Далақайнар ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен «Отбасы тәрбие негізі» атты дөңгелек үстел Т.Әшімбаев орта мектебінің 6 сыныбының оқушыларының қатысуымен өтті.

Іс-шара барысында кітапханашы отбасының ең маңызды құндылықтары, шаңырақ шырайының шарттары, отбасылық өнеге жайында қатысушыларға мол мағлұмат берді. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың жан-жақты тәрбиелі болып өсуіне отбасының ықпалы мол екендігін ашып көрсететін «Салт –дәстүр сөйлейді», «Әлдиден эпосқа дейін» атты кітаптарына шолу жасалды. Шараға қатысқан оқырмандар, ұсынылған әдебиеттерге өз қызығушылықтарын таныта отырып, отбасының аса маңызды құндылық екені жайлы өз пікірлерімен бөлісті.