”Отбасы-тәрбие бастауы” атты сұр сұхбат өтті.

15 мамыр күні №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Жастар орталығы қызметкерлерінің қатысуымен ”Отбасы-тәрбие бастауы” атты сұр сұхбат өтті. Іс-шараға кітапханамыздың тұрақты оқырманы көп балалы ана, өнегелі отбасы Манапбай қызы Шолпан, Әбу Аяжан шақырылды. Аталмыш іс-шарада “Қазір бала тәрбиесіндегі әкенің рөліне байланысты не айтар едіңіз, отбасының берекелі болуы кімге байланысты сынды отбасы құндылықтарын айқындайтын сұрақтар қойылып, кеш қонақтары өз кезегінде баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен өсіп дамуына өмірде өз орнын тауып, аяғын нық басуында, икемі келер кәсіпті игеріп, табысқа қол жеткізуі отбасында берген тәлім – тәрбиенің ықпалы өте зор деп айтып өтті. Мақсаты: Отбасы құндылықтарын дәріптеу отбасындағы сүйіспеншілік сыйластық сезімдерді нығайту, ата-анаға деген бала махаббатын ояту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.