“Отбасы құндылықтары-ұлт байлығы” тақырыбында тич -ин өтті.

8 қыркүйек күні Бірлік ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен “Отбасы құндылықтары-ұлт байлығы” тақырыбында тич -ин өтті. Шара барысында кітапханашы отбасы өнегесін алып өскен ұрпақ болашағына зор сеніммен қарайтындығын айтып, отбасы туралы мақал-мәтелдерді еске түсіре отырып шеңбер және “Шын айтсам…” атты тренингтермен жалғастырды. Кеш соңында кітап қорындағы “Тәрбие”, “Әлдиден эпосқа дейін” кітаптарымен таныстырды. Кеш тартымды, көңілді өтті.