«Отбасы дегеніміз не?» тақырыбында ой бөлісіп, сұрақ-жауап жүргізді.
15 мамыр күні Сауытбек ауылдық кітапханасында 15 мамыр – Отбасы күніне орай «Отбасы – адам тұлғасының белгісі» тақырыбында ми шабуыл ұйымдастырылды. Іс-шара барысында кітапханашы жас оқырмандармен «Отбасы дегеніміз не?» тақырыбында ой бөлісіп, сұрақ-жауап жүргізді.
Оқырмандар өз ойларын ортаға салып, отбасы туралы мақал-мәтелдер айтып, белсенділік танытты. Іс-шара жас ұрпақтың бойында отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталды.



