«Отбасы бақыт ұясы» атты әдеби вояж өтті.
15 мамыр күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 15 мамыр Отбасы күніне орай «Отбасы бақыт ұясы» атты әдеби вояж өтті. Аталмыш шараға М.Әуезов атындағы орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары қатысты.
Шарада кітапханашы отбасы – бұл қоғамның негізі, баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан – жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты екенін айтып түсіндірді, оқырмандар бәйтерек ағашына ізгі тілектерін ілу арқылы отбасына деген алғыстарын білдірді.
Мақсаты: Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.





