«Отбасы бақыт мекені» атты тақырыптық кеш ұйымдастырылып, өткізілді.
22 мамыр күні орталық кітапхананың Білім орталығында оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттау, рухани ойлауы терең, мәдениетті, парасатты, ар – ожданы таза, еңбекқор ұрпақты тәрбиелеу мақсатында «Отбасы бақыт мекені» атты тақырыптық кеш ұйымдастырылып, өткізілді.
Іс-шараға С.Шәкіров орта мектебінің психологы А.Төленбаева, оқушылары, №10 Шу колледжнің кітапханашысы Ш.Танабаева, білімгерлері және Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты. Кеште кітапханамыздың оқырмандары М.Мұрат Жаяу Мұсаның «Ақ сиса» әнін орындаса, К.Ермахан «Қазақ биін» мың бұрала биледі. Қатысқан оқырмандар викторина сұрақтарымен, отбасы туралы мақал-мәтелдердің жалғасын тапты.





