“Отбасы бақыт мекені” тақырыбында әңгіме диспут өткізілді.
14 мамыр күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Макаренко мектебінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен Халықаралық отбасы күніне орай “Отбасы бақыт мекені” тақырыбында әңгіме диспут өткізілді.
Аталған шарада отбасындағы тәрбие, балалармен ата-аналардың арасындағы қарым-қатынас туралы пікірлерімен бөлісіп, ой қозғалды. Бала ата-анасына, ортасына қарап өсетіндігін алға тартып, алдымен әркім өзін тәрбиелеу қажеттігі айтылды. Оқушылар тәрбиелік мәні бар шарадан отбасы құндылықтары мен маңыздылығы жайында мол ақпарат алды.

