«Отбасы құндылығы-сарқылмас қазына» атты сыр- сұхбат өткізді.
15 мамыр күні Сауытбек ауылдық кітапханасында 15 мамыр – Отбасы күніне орай «Отбасы құндылығы-сарқылмас қазына» атты сыр- сұхбат өткізді.Іс- шара барысында кітапханашы оқырмандарды отбасы күнімен құтықтап, отбасындағы тәрбие, Отан- отбасынан басталатыны туралы айтып өтті.Кеш қонағы Омарбекова Бағдат сөз кезегінде саналы ұрпақ, ұлттық құндылықтар,отбасы- шағын мемлекет қоғамның негізі болып табылатыны туралы, жастарға келешекте үлгілі отбасын құруға,отбасындағы жауапкершілікке дайын болуға тілегін білдірді.

