«Отан отбасынан басталады» атты тәрбие сағаты өткізілді.
8 қыркүйек күні Көктөбе ауылдық кітапханасында отбасы күніне орай Жамбыл атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушыларының қатысуымен «Отан отбасынан басталады» атты тәрбие сағаты өткізілді.Іс шара барысында кітапханашы мерекемен құттықтап, отбасының ең маңызды құндылықтары, шаңырақ шырайының шарттары, отбасылық өнеге жайында мағлұмат берді.



