«Ортағасырлық түркі ойшылы» атты сыр кеші өтті.

14 мамыр күні Тасөткел ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Жүсіп Баласағұн-1005 жыл толуына орай Ш.Мұртаза орта мектебінің 4- сынып оқушыларының қатысуымен «Ортағасырлық түркі ойшылы» атты сыр кеші өтті. Мақсаты: Жүсіп Баласағұн туралы әдебиеттерді оқырмандар арасында насихаттау, оларды Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу. Кітапханашы Жакыпова Лаура ғалымның өмірі мен еңбектері туралы әңгімелеп берді. Ол кемеңгер ғалымның әлем әдебиетінің асыл мұраларының бірі, түркі тілдес халықтарға ортақ өлеңмен жазылған «Құтты білік» атты трактаты туралы мағлұматтарды әңгімесіне арқау етті. Сондай-ақ көрмеден орын алған орыс тіліндегі А.Егеубайдың «Жусуп Баласагуни» атты кітапты, суреттері, партреттері ғалымның өмірі мен еңбектері туралы Н.Келімбетовтың «Түркі халықтарының ежелгі әдеби жәдігерліктері», атты басылымдарды әңгімесіне арқау етті. Кітап көрмесі жасақталып, оқырмандар назарына ұсынылды.