Оралхан Дәуіттің “Ақ самаурын” кітабын насихаттады.
23 қазан күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері ақпарат саласының майталманы журналист Оралхан Дәуіттің “Ақ самаурын” кітабын насихаттады. Кітапханашы «Ақ самаурын» кітабының мазмұнына тоқталып қазақы қоңыр өмірдің иісін, адам жанының жылуын сезінгісі келетін кез келген оқырманға арналған кітап екенін жеткізді.
Бұл кітап – рухани тыныштық пен өмір мәнін іздеген жанға таптырмас туынды.


