Оралхан Дәуіттің «Ақ самаурын» кітабы таныстырылды.

3 желтоқсан күні Қонаев ауылдық кітапханасында журналист және жазушы Оралхан Дәуіттің «Ақ самаурын» кітабы таныстырылды. Шарада автордың ауыл өмірі, адамгершілік, ата-ана қадірі мен ұлттық тәрбие туралы тағылымға толы әңгімелері мен хикаяттары насихатталды. Кітап көркем тілмен жазылған, мейірім мен ізгілікті дәріптейтін жылы туынды ретінде бағаланды.

«Ақ самаурын» – ұлттық болмыстың жылылығын сақтай отырып, халқымыздың қонақжайлығы мен мейірімге толы дәстүрін дәріптейтін әсерлі әңгіме.Автор қарапайым самаурын бейнесі арқылы бірлік, береке, естелік пен сағыныш сынды қасиеттерді көркем жеткізеді.

Оралхан Дәуіттің әсерлі дүниесін бірге оқуға шақырамыз!