«Оқырман ұлт – озық ұлт» дөңгелек үстел өткізілді.
21 сәуір күні Мойынқұм ауылдық кітапханасында «Оқырман ұлт – озық ұлт» дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақсаты: оқырман мәдениетін қалыптастыру, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және жастардың рухани дамуына ықпал ету.
Шара барысында кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы кеңінен айтылды. Кітап – білімнің, тәрбиенің және рухани байлықтың негізгі көзі екені атап өтілді. Қатысушылар кітап оқу арқылы адамның ой-өрісі кеңейіп, сөздік қоры дамып, дүниетанымы қалыптасатынын атап өтті.



