«Оқырман отбасы – оқитын ұлт» дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізді.

28 қыркүйек күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері Республикалық «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Оқырман отбасы – оқитын ұлт» дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізді.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар кітап оқудың адам өміріндегі маңызы, отбасылық оқу дәстүрін қалыптастыру, балалардың кітапқа қызығушылығын арттыру жолдары туралы пікір алмасып, Құсаинова Ләйлә мен ұлы Көпбай Нұрали өздерінің оқыған сүйікті кітаптары мен шығармалары туралы ой бөлісіп, отбасында бірге кітап оқудың тиімді тәсілдерін ортаға салды.

Іс-шара соңында қатысушылар кітап оқудың отбасы тәрбиесіндегі рөлін атап өтіп, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруда көркем әдебиеттің маңызы зор екенін атап өтті.