«Оқы, ойна – туған өлкеңді таны» атты құрмет сағаты өтті.
12 қазан күні Оразалы ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен Кенен Әзірбаев атындағы орта мектептің 8-сынып оқушыларының қатысуымен «Оқы, ойна – туған өлкеңді таны» атты құрмет сағаты өтті.
Шара барысында кітапханашы оқушыларды туған өлкеміздің ақын-жазушыларымен таныстырып, өлкенің тарихы, мәдениеті мен көрікті жерлері туралы кеңінен әңгімеледі. Сонымен қатар жас оқырмандардың туған жерге деген қызығушылығын арттырып, өлке тарихын тереңірек танып-білуге бағыт берді.




