«Оқуға құштар жүректер» облыстық байқауының аудандық кезеңі өтті.

25 ақпан күні «Оқуға құштар жүректер» облыстық байқау

«Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілдері: Сапарғали Бегалин – 130 жыл, Өтебай Тұрманжанов – 120 жыл, Сансызбай Сарғасқаев – 100 жыл, Асқаржан Сәрсек – 75 жылдығына арналған шығармашылық көркем әдебиет туындаларын ең көп оқитын оқырмандар арасында «Оқуға құштар жүректер» облыстық байқауының аудандық кезеңі өтті.

Байқауға қатысушы әр сайыскер өздерін таныстырып, ақынның өлеңін және жазушының прозасынан үзінді оқып, сахналық қойылым қойып, портрет галлериясында портреттегі бейненің кім екенін тауып, әдеби бәйгеде қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап берді.

Байқау нәтижесі бойынша ІІІ орын – Бәйдібек ауылдық кітапханасының тұрақты оқырманы Ибраимова Малика, ІІ орын – Алға ауылдық кітапханасының тұрақты оқырманы Мақтабек Анель, І орын – Қонаев ауылдық кітапханасының тұрақты оқырманы Анарбек Сұлужан

Балуан Шолақ ауылы М.Ғабдуллин орта мектебінің 8 сынып оқушысы Нұржанқызы Әсел бас жүлдені жеңіп, облыстық байқауға жолдама алды.

Возможно, это изображение 16 человек, больница и текст