«Оқитын ел-озық ел» қызықты кітап сағаты өтті.
13 қараша күні Тасөткел ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Оқитын ел-озық ел» қызықты кітап сағаты өтті. Мақсаты: Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру; Кітаптың құндылығын түсіндіріп білімге деген қызығушылығын ояту. Шарада кішкентай оқырмандар кітап оқып, оқыған кітаптарынан алған ойларын әсерлерін ортаға салды. Кітапханашы оқушыларға кітап оқыған адам озық, білімді, дарынды, алдағы өмір жолында жан-жақты тұлға болуға жетелейтінін айтып өтті.


