«Оқимыз, тәжірибе аламыз, іске асырамыз!» тақырыбында аудандық семинар ұйымдастырылды.
25 тамыз күні КІТАПХАНАШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН АУДАНДЫҚ СЕМИНАР
2026 жылдың 26 тамыз күні Шу аудандық ОКЖКММ жоспарына сәйкес кітапхана мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу және заманауи кітапхана қызметінің жаңа бағыттарын талқылау мақсатында «Оқимыз, тәжірибе аламыз, іске асырамыз!» тақырыбында аудандық семинар ұйымдастырылды.
Семинар барысында кітапхана жұмысының түрлі бағыттары бойынша мазмұнды баяндамалар ұсынылды:
«Кітапханалардың оқырмандардың бос уақытын ұйымдастыру қызметіне талдау» тақырыбында Кітапхана ісін дамыту бөлімінің меңгерушісі Э. Раканова кітапханалардың оқырмандардың бос уақытын тиімді ұйымдастырудағы қызметіне талдау жасап, атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерге тоқталды.
«Кітапхана қоры – талдау, қолдану, толықтыру, тіркеу, сақтау» тақырыбында Бірыңғай қорларды ұйымдастыру және пайдалану бөлімінің меңгерушісі К. Лахаева кітапхана қорын тиімді қалыптастыру, толықтыру, есепке алу, сақтау және пайдаланудың негізгі бағыттары туралы ақпарат берді.
«Балалар кітапханасында кітап оқуды танымал ету» тақырыбында Балалар кітапханасының кітапханашысы Л. Бердібаева жас оқырмандар арасында кітап оқуға қызығушылықты арттырудың тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті.
«Көруі бойынша мүгедектігі бар оқырмандарға қызмет көрсетуді ұйымдастыру» тақырыбында Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімнің кітапханашысы К. Алтыбаева ерекше қажеттілігі бар оқырмандарға кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетуді ұйымдастырудың ерекшеліктері жөнінде баяндады.
«Кітапхана және жастар: жаңа идеялар толқынында» тақырыбында Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы А. Раймкулова жастарды кітапханаға тарту, кітап оқуға қызығушылығын арттыру және заманауи форматтағы жобаларды жүзеге асырудың тиімді жолдарын таныстырды.
Осындай кәсіби кездесулер кітапхана мамандарының біліктілігін арттырып қана қоймай, жаңа идеялардың қалыптасуына, тәжірибені ортақтастыруға және кітапхана қызметін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.









