«Өзекті өртер шындық» еске алу кеш өтті.

22 мамыр күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 31 мамыр саяси қуғын – сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Өзекті өртер шындық» еске алу кеш өтті.

⚜️Кеш барысында қатысушылар халқымыз бастан өткерген ауыр кезеңдер туралы мәлімет алып, тарихи деректер мен тағылымды естеліктерге қанықты. Сонымен қатар, ел тәуелсіздігі жолында құрбан болған тұлғалардың рухына құрмет көрсетіліп, олардың өнегелі өмірі үлгі етілді.