«Өзекті өртеген шындық» атты сыр-сандық өткізілді.

29 мамыр күні Балалар мен жасөспірімдер кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Өзекті өртеген шындық» атты сыр-сандық өткізілді.

⚜️Іс-шараның мақсаты:оқушыларға саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы терең мағлұмат беріп, тарихи шындықты таныту, олардың саяси санасы мен тарихи танымын қалыптастыру.

⚜️Шара барысында қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңдер сөз болып, солақай саясаттың құрбаны болған ұлт зиялыларының тағдыры жайында кеңінен айтылды. Сонымен қатар сталинизмнің орнығуы, жазалау шаралары, халықтың тартқан азабы мен Қазақстанның лагерлер өлкесіне айналуы туралы мәліметтер берілді.