«Өз шаңырағыңа табын!» кітабының тұсаукесері өтті.

29 мамыр күні Шу аудандық кітапханалар жүйесінің ұйымдасытруымен Абай ауылдық мәдениет үйінде «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында этнограф, құсбегі, Республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты, Мойынқұм ауданының құрметті азаматы Жапар Сатылғановтың «Өз шаңырағыңа табын!» кітабының тұсаукесері өтті.

Аталмыш шараға аудан, ауыл ақсақалдары, аудан әкімінің орынбасары Н.Сұлтанбаев, зиялы қауым өкілдері және ауыл тұрғындары мен туған туыстары қатысты.

Сондай-ақ, шара барысында «Шежірелі туған өлкем» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып және ғимараттың кіре берісіне кітаптың тұсаукесер рәсіміне орай фото галлерия қойылды.Көрмеге Шу өңірінен шыққан ақын, жазушылардың кітаптарынан кітап инсталициялары ұйымдастырылды.

Кітаптың лентасын Шу ауданы әкімінің орынбасары Найман Кенжеханұлы және Шу аудандық ақсақалдар алқасының мүшесі Жылқыбай Қойшыбеков кесті.

Шу аудандық ақсақалдар алқасының мүшесі Ж.Қойшыбеков, Балалар жасөспірімдер өлкетану және туризм орталығының директоры Л.Асабаева, ауыл ақсақалдар алқасының төрағасы Т.Байгисиев, У.Тлеумбетов Жапар Сатылғановтың аталмыш еңбегі жайындағы пікірлерін ортаға салып, кітаптың мазмұны мен көркемдік деңгейінің жоғары екеніне баға беріп, кітаптың кұндылығына өз лебіздерін білдірді.