«Өшпес рухты ұлы тұлға» атты арнау сағаты өтті.

27 қараша күні Көкқайнар ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Ел болып оқимыз» жобасы аясында Халық қаһарманы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойына арналған «Өшпес рухты ұлы тұлға» атты арнау сағаты өтті.

Іс-шара барысында батырдың «Ұшқан ұя», «Москва үшін шайқас», «Музей апа» және басқа да кітаптарына шолу жасалды. Сонымен қатар Тілек Томирис қатысушыларға Бауыржан Момышұлының «Туған жерім» атты өлеңін оқып берді.