«Өшпес ерлік пен өлшеусіз Даңқ» тақырыбында еске алу кешін өткізді.

25 шілде күні ”Өшпес ерлік пен өлшеусіз Даңқ”тақырыбында еске алу кеші өтті.

Мақсаты:Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы аясында Отан үшін от кешкен батырларымыздың ерлігін өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау және қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ету.

Тараз қаласындағы Б.Момышұлы атындағы Жеңіс саябағының Данқ залында «Шоқан Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Ел үшін туған ерлер» облыстық байқауына Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі «Өшпес ерлік пен өлшеусіз Даңқ» тақырыбында еске алу кешін өткізді.

Кеш Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылып, соғыс және еңбек ардагерлеріне, арналған фото-галерея жасақталып, Б.Момышұлы, С.Шәкіров, С.Естемесовтың жасанды мүсіндері қойылды. Сонымен қатар «Ұранды елдің – ұрпағы қайсар» атты көрме-инсталляциялар ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды және

мұражай көрмесінен алынған соғыс кезіндегі құрал-жабдықтардан жасақталған көрме таныстырылды.

Кітапханашылар «Ұлы Жеңіс», «Бауыржан», «Батырлар», «Ел үшін туған ер Саттар» тақырыбында соғыс туралы өлеңдерін оқып, «Ана туралы баллада», «Қазақ қызы» өлеңдерін шырқады. Кітапханашылардың қатысуымен «Саттардың өлмес ерлігі» атты театрландырылған көрініс қойылды.

Шара соңында Кеңес Одағының Батыры Саттар Естемесовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі орындалып, қазақ өнерінің қайраткері күйші, композитор Ерлан Исаевтың «Саттар батыр жауынгер» орындауымен түйінделді. Кеш оқырмандарға ерекше рухани әсер сыйлады.

#ҰлыЖеңіске80жыл

#Өлшеусіз_ерлік_пен _өлшеусіз_Даңқ

Возможно, это изображение 8 человек, помост и текст
Возможно, это изображение 8 человек и текст
Возможно, это изображение 2 человека и текст
Возможно, это изображение 7 человек и текст
Возможно, это изображение 15 человек, помост и текст