«Өнерлі қол – бақытқа жол» портреттік кеші өтті.

28 сәуір күні Оразалы ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Кенен Әзірбаев атындағы орта мектебінің 7-сынып оқушыларының қатысуымен Аяз Бетпаевтың «Өнерлі қол – бақытқа жол» портреттік кеші өтті.

Шара барысында кітапханашы оқушыларды Аяз Бетпаевтың өмір жолымен таныстырып, оның шығармашылығы туралы мазмұнды мәліметтер берді. Сонымен қатар, оқушылар кітаптан үзінді оқып, өз ойларымен бөлісті.