«Өнерін өнеге еткен» тақырыбында Фристайл-импровизация кеші өтті.
31 наурыз күні Бірлік ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 1 сәуір қазақтың әйгілі күйші композиторы, дирижер, дәулескер домбырашы, қазақ КСР халық әртісі Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтың 100 жылдық мерейтойына орай «Өнерін өнеге еткен» тақырыбында Фристайл-импровизация кеші өтті. Іс-шара барысында кітапханашы оқырмандарға композитордың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы өте көп ақпарат бере отырып, Нұрғиса Тілендиевтің қазақ өнеріне қосқан үлесі шексіз екендігін айтты.

