“Өнерін өнеге еткен Нұрғиса Тілендиев” атты тәрбие сағаты өтті.
23 сәуір күні Шоқпар ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен композитор, дирижер, домбырашы Нұрғиса Тілендиевтің туылғанына 100 жыл толуына орай “Өнерін өнеге еткен Нұрғиса Тілендиев” атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Қазақтың біртуар ұлы Н.Тілендиевтің шығармаларына көз жүгіртіп, оның күйлері мен әндерінің өзіндік ерекшелігін ашып, бала санасына ұғындыру.
Шараға Ораз Жандосов атындағы орта мектептің 4 сынып оқушылары қатысты. Іс – шара барысында кітапханашы оқушыларға Нұрғиса Тілендиевтің өмірбаяны мен шығармашылығы туралы баяндады.



