«Өнерім менің – өмірім» тақырыбында жыр кеші өтті.

29 қыркүйек күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен

қазақтың ұлттық музыка өнеріне өлшеусіз үлес қосқан күйші-композитор, өнер қайраткері Әбдімомын Желдібаевтың шығармашылығын насихаттау мақсатында «Өнерім менің – өмірім» тақырыбында жыр кеші өтті.

Іс-шара барысында оқырмандарға Әбдімомын Желдібаевтың өмірі мен шығармашылық жолы туралы кеңінен мәлімет берілді. Күй өнеріне деген сүйіспеншілігі, домбыраның құдіретін дәріптеудегі еңбегі, ұлттық музыка мәдениетін дамытуға қосқан үлесі туралы сөз қозғалды. Қатысушылар күй тыңдап, домбыраның халқымыздың рухани өміріндегі орнына ерекше тоқталып, ұлттық өнерді қадірлеу, кейінгі ұрпаққа жеткізу қажеттігі жайлы түсінік алды.