«Өнер жолындағы өшпес із» атты өмірбаяндық шолу өтті
30 шілде күні Оразалы ауылдық кітапханасында қазақтың көрнекті опера әншісі, Қазақстанның Халық әртісі Әлібек Дінішевтің туғанына 75 жыл толуына орай «Өнер жолындағы өшпес із» атты өмірбаяндық шолу өтті.
Шара барысында кітапханашы оқушыларды Әлібек Дінішевтің өмір жолымен, шығармашылық жетістіктерімен және қазақ музыка өнеріне қосқан зор үлесімен таныстырды. Сонымен қатар әншінің өнердегі дара жолы, сахнадағы жетістіктері мен ұлттық мәдениетті дамытудағы еңбегі туралы жан-жақты мәлімет берілді.



