«Өнегелі өмір – ұрпаққа мұра» атты еске алу кеші өтті.

15 қыркүйек күні №1 Шу қалалық кітапханасының ұйымдастыруымен Төле би атындағы орта мектеп оқушыларының қатысуымен ақын Ғабит Көкеевті еске алуға арналған «Өнегелі өмір – ұрпаққа мұра» атты еске алу кеші өтті.

Іс-шара барысында оқушыларға ақынның өмір жолы, шығармашылық мұрасы мен қазақ әдебиетіндегі орны туралы кеңінен мағлұмат берілді. Ақынның ел мен жерге, туған өлке мен адамгершілік құндылықтарға арналған шығармалары сөз болды.

Кеш барысында Ғабит Көкеевтің өлеңдері оқылып, ақынның шығармашылығы мен өнегелі өмірі жайлы естеліктер айтылды. Қатысушылар ақынның артында қалдырған мол рухани мұрасы мен ұлағатты өмір жолы туралы ой бөлісті.

Өнегелі ғұмыр – кейінгі ұрпаққа тағылым, ал рухани мұра – мәңгілік қазына.