«Өнегелі өмір – өшпес із» атты әдеби-әуенді кеш өтті.

13 ақпан күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Өнегелі өмір – өшпес із» атты әдеби-әуенді кеш өтті. Шара қазақ музыка өнерінің көрнекті өкілі, композитор Кеңес Дүйсекеевтің шығармашылығын насихаттауға арналған рухани-танымдық кеш болды.

Кеш барысында композитордың өмір жолына шолу жасалып, танымал әндерінің шығу тарихы баяндалды. Сонымен қатар оның әсем әндері орындалып, жыр-шумақтар оқылып, бейнематериалдар ұсынылды.