«Өнегелі өмір иесі» атты танымдық сағат өтті.

24 қыркүйек күні Көкқайнар ауылдық кітапханасында өлкетану бағыты бойынша Тараз өңірінен шыққан ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Айша Көпжасарованың 85 жылдығына орай «Өнегелі өмір иесі» атты танымдық сағат өтті.

Қазақ поэзиясына өзіндік өрнегін қосқан ақынның шығармаларында туған жер, ана тілі, ел мен Отан, адамгершілік пен отбасы тақырыптары кеңінен көрініс табады.Шара барысында ақынның «Ана жүрегі» кітабынан өлең-жырлар оқылып, ақынның өмірі мен шығармашылық жолы таныстырылды. Қаламгердің әдеби мұрасы оқырмандарға насихатталып, шығармаларын оқуға деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталған мазмұнды әңгіме өрбіді.