«Өмірі өнегелі өр тұлға» атты еске алу кеші өткізілді.

9 қаңтар күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қазақ халқының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанды ұзақ жыл басқарған тарихи тұлға Дінмұхамед Қонаевтың 114 жылдық мерей тойына орай «Өмірі өнегелі өр тұлға» атты еске алу кеші өткізілді. Еске алу кешіне Е. Бекмаханов атындағы мектеп гимназиясының 9-сынып оқушылары қатысты. Шарада кітапханашы Д.Қонаевтың өмір жолы, ел басқарудағы парасатты саясаты, адамгершілік болмысы мен тарихи тұлғасы туралы мағлұматтар беріп, кітапхана қорындағы кітаптарымен таныстырды.