“Өмірі өнеге, еңбегі елге -Бақыт Исаева” атты рухани кеш өткізілді.
9 желтоқсан күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын-сазгер, балалар ақыны Исаева Бақыт Ақышқызына арналған “Өмірі өнеге, еңбегі елге -Бақыт Исаева” атты рухани кеш өткізілді.
Кеш барысында тұлғаның өмір деректері, шығармашылық және қоғамдық қызметі таныстырылып, оның рухани құндылықтары, адамгершілік ұстанымдары жастарға үлгі ретінде ұсынылады. Кітапхананың тұрақты оқырманы З.Меден ақынның кітабынан үзінді оқып берді.



