«Өмірдің гүлі мен нұры – Ана » әдеби сазды қонақжай кеш өткізілді.
5 наурыз күні Көктөбе ауылдық кітапхана және мәдениет үйі қызметкерлерінің бірлесе ұйымдастыруымен қөңілдерге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып жеткен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Өмірдің гүлі мен нұры – Ана » әдеби сазды қонақжай кеш өткізілді.
Іс шараға ауыл әкімі М.Махамадиев қатысып, ізгі тілектерін білдірдіріп, сыйлықтар тарту етті.Осы мерекеге орай кітапхананың тұрақты оқырмандары аналар мен аруларға арнап, ақын-жазушылардың туындыларынан үзінділер оқып, әсем әндер мен күйлер орындады.Кеш мерекелік бағдарламамен ұласты.





