«Өмірдегі негізгі байлық денсаулық» атты дайджест ұйымдастырылды.
7 сәуір күні дүниежүзілік денсаулық күніне орай Сауытбек ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Өмірдегі негізгі байлық денсаулық» атты дайджест ұйымдастырылды.
Мақсаты: жас өспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулық – адам бақытының бірінші байлығы екенін ұғындыру.
Шара барысында қатысушыларға денсаулық туралы мағлұматтар айтылып, адам денсаулығына пайдалы жаттығулар мен ойын түрлері көрсетілді.




