«Өлеңнен жаралған жан» атты өмірбаяндық шолу ұйымдастырылды.

29 қыркүйек күні Абай ауылдық кітапханасында ақын Бақыт Исаеваның өмірі мен шығармашылығына арналған «Өлеңнен жаралған жан» атты өмірбаяндық шолу ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында ақынның өмір жолы, шығармашылық еңбектері мен әдеби мұрасы туралы оқырмандарға мәлімет берілді. Бақыт Исаеваның өлеңдеріндегі адамгершілік, туған жерге деген сүйіспеншілік, ел мен жер тағдыры, өмірдің мәні секілді тақырыптарға тоқталып, ақын шығармаларынан үзінділер оқылды.