«Наурыз тойы-мерекем» тақырыбында әдеби кеш өткізді.

20 наурыз күні Бірлікүстем ауылдық кітапхана қызметкері және «Жұлдыз» балабақша қызметкерлерімен бірлесе отырып «Наурыз тойы-мерекем» тақырыбында әдеби кеш өткізді. Іс-шара барысында кітапханашы балаларға ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы айтып өтті. Кішкентай бүлдіршіндер ұлттық киімдерін киіп өз өнерлерін ортаға салып, қазақтың «Қамажай», «Қаражорға» билерін билеп, тамаша көңіл күй сыйлады. Кеш соныңда балалар Абай ақсақалдан бата алып, жақсы көңіл-күймен тарады.