«Наурыз тойы – мереке, салт-дәстүрі – береке!» танымдық сағат өтті.
19 наурыз күні Белбасар ауылдық кітапханасында «Наурыз тойы – мереке, салт-дәстүрі – береке!» танымдық сағат өтті.Наурыз – қазақ халқының ең көне әрі ұлық мерекелерінің бірі. Бұл күн – табиғаттың жаңарып, күн мен түн теңелетін, жаңа жылдың басталуы деп есептеледі. Наурыз мейрамы адамдарды татулыққа, бірлікке, мейірімділікке шақырады.Наурыз – береке мен бірліктің, жақсылық пен жаңарудың мейрамы. Әр адам бұл күнді қуанышпен қарсы алып, ұлттық құндылықтарды құрметтеуі тиіс.


