«Наурыз думан -тамаша» атты диверсимент кеші өтті.

20 наурыз күні Бірлік ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай «Наурыз думан -тамаша» атты диверсимент кеші өтті. Іс-шара барысында кітапханашы Наурыз мерекесімен құттықтап, мейрамның тарихы мен мазмұны туралы айтып өтті. Сондай –ақ қазақтың салт-дәстүрлері дәріптеліп, ұлттық ойындары жайында айтылып, тоғызқұмалақ ойыны ойналды.Кеш қызықты әрі тартымды өтті.