“Наурыз берекем, наурыз мерекем” тақырыбында дивертисмент кеші өтті.
19 наурыз күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ы.Алтынсарин мектебінің 4 сынып оқушыларының қатысуымен Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз мерекесіне орай “Наурыз берекем, наурыз мерекем” тақырыбында дивертисмент кеші өтті.Наурыз – көнеден келе жатқан мереке. Қыстан аман шыққан халық Наурызды асыға күтеді. Барлық қуаныш пен жақсылықтың бастауы болсын, деп тілек білдіріп жатады. Шара барысында кітапханашы Наурыз мерекесінің шығу тарихымен таныстырса, оқушылар мерекеге арнап би билеп, ән айтып өз өнерлерін көрсетті.

