«Наурыз базарлық» жаңа туған сәбиге арнайы естелік сыйлық табыстады.

17 наурыз күні 17 наурыз – «Шаңырақ» күніне орай Шоқпар, Тасөткел ауылдық кітапхана қызметкерлері игі бастама көтеріп, «Наурыз базарлық» жаңа туған сәбиге арнайы естелік сыйлық табыстады.

Іс-шара барысында кітапхана қызметкері ата-анаға жылы лебізін білдіріп, нәрестеге ақ тілегін арнады. Осындай игі істер арқылы ұлттық құндылықтар дәріптеліп, қоғамда мейірімділік пен бірлік нығая түсуде.