«Нашақорлықтың қоғамға тигізетін зияны» тақырыбында түсіндіру дәрісі өткізілді.
14 сәуір күні Қонаев ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Мәдениет үйінің акт залында жастар мен білім алушылар арасында нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Нашақорлықтың қоғамға тигізетін зияны» тақырыбында түсіндіру дәрісі өткізілді.
Дәріс барысында қатысушыларға нашақорлықтың адам денсаулығына, психологиялық жағдайына және қоғамға тигізетін кері әсері туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар зиянды әдеттердің алдын алу, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.



