“Нашақорлықтың денсаулық пен болашаққа зиянды әсері” тақырыбында памфлет кеші өтті.
18 маусым күні №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен “Нашақорлықтың денсаулық пен болашаққа зиянды әсері” тақырыбында памфлет кеші өтті. Іс-шара барысында кітапханашы оқырмандарға нашақорлық – бұл адамның көңіл күйін, сана сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті тыйым салынған химиялық зат екендігін айтып, оқырмандарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Мақсаты: Зиянды әдеттерден аулақ болуға, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.


