«Нашақорлыққа жол жоқ» атты дөңгелек үстел өтті.

18 қыркүйек күні Белбасар ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Нашақорлыққа жол жоқ» атты дөңгелек үстел өтті. Іс шара барысында ауылымыздың дәрігері Ширин Бахтиярович жастар мен оқушылар арасында нашақорлықтың зияны туралы түсінік қалыптастырып, салауатты өмір салтын насихаттау және есірткіге қарсы күресте белсенді азаматтық ұстанымға шақырды.

Іс-шара барысында тақырыптық баяндамалар, пікірталас ұйымдастырылады. Іс-шара есірткіге деген теріс көзқарас қалыптастырып, өмірлік маңызы бар дұрыс шешім қабылдауға бағытталады.