«Нашақорлық – қоғам дерті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
30 қазан күні №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен ішкі істер қызметкерлерінің қатысуымен «Нашақорлық – қоғам дерті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында нашақорлықтың адам өміріне, денсаулығына және жалпы қоғамға тигізетін кері әсері кеңінен талқыланды. Ішкі істер қызметкерлері есірткі заттарының зияны, оның алдын алу жолдары мен құқықтық жауапкершілік мәселелері жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, қоғамдағы өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты. Сонымен қатар есірткісіз болашақ қалыптастыру, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спортпен шұғылдану және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы атап өтілді.



