«Нашақорлық – қоғам дерті» атты ақпараттық сағат өткізілді.
26 маусым күні Көктөбе ауылдық кітапханасында 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай «Нашақорлық – қоғам дерті» атты ақпараттық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы жаман әдеттердің ішіндегі ең қауіптісі – есірткінің адам денсаулығына, ақыл-ойына, рухани дүниесіне және қоғамға тигізетін зияны туралы кеңінен ақпарат берді. Сондай-ақ жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, зиянды әдеттерден аулақ болуға және өмірлік маңызды дұрыс шешім қабылдауға шақырды.



