«Нашақорлық-қауіпті індет» шок- урок өткізілді.
29 қыркүйек күні Сауытбек ауылдық кітапханасында Алға орта мектебінің 4 сынып оқушыларының қатысуымен «Нашақорлық-қауіпті індет» шок- урок өткізілді. іс-шара барысында нашақорлықтың адам өміріне тигізетін кері әсері, оның денсаулыққа және әлеуметтік ортаға келтіретін зияны туралы кеңінен айтылды. Оқушыларға есірткі заттарының адам ағзасына зияны, тәуелділіктің алдын алу және салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар жастарды бос уақытын тиімді өткізуге, спортпен шұғылдануға, кітап оқуға және пайдалы істермен айналысуға тәрбиелеу.




